Ұлттық индустриалды палатасы мен «Ақ жол» демократиялық партиясы қытай делегациясын қабылдады

29.08.2018 ж.

Ұлттық индустриалды палатасы мен «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері тыңайтқыш өндірісіндегі ең ірі компаниялардың бірі – егістікті қорғау жөніндегі Қытай өнеркәсіптік Ассоциациясы Төрағасының орынбасары, бас хатшы Ли ЧжунХуа ханым бастап келген арнайы делегациямен кездесу өткізді.

Отандық бизнес мүмддесінде бірлесіп қызмет етіп жүрген Партияның сенімді серіктесі саналатын Қазақстанның Ұлттық индустриалды палатасының вице-президенті Болат Өтепбаев қазақстандық тараптан қытайлық кәсіпкерлерді қонақжая қарсы алып, бұл екіжақты өзара ынтымақтастықтың тиімділігін айтып өтті.

Аталмыш Ассоциацияға қарасты 13 компанияның өкілдері еліміздегі ауыл шаруашылығы нарығындағы жаңалықтар, агрохимия саласындағы саясат пен тыңайтқыштарды тіркеуден өткізу рәсімдері қызықтыратынын айтып, осы мәселе жөнінде сұхбаттасты.

«Жақыннан танысайық, білісейік деген ниетпен Қазақстанға арнайы іс-сапармен келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Бұл бас қосуда екі мекеменің өкілдері отыр. Индустриалды палата мен «Ақ жол» демократиялық партиясы. Екеуі де кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды. Үкімет пен бизнес арасындағы алтын көпір десек болады. Біздің одақ құрамында 40-тан аса ассоциациялар бар. Ауыл шаруашылығы, агрохимия саласы бойынша әрдайым заңдық тұрғыдан сүйемелдеп, қолдау көрсетуге, кеңес беруге дайынбыз. Ұлттық индустриалды палатаның мақсаты да осы десек болады», - деп атап өтті Б.Өтепбаев өз сөзінде.

Айта кеткен жөн, Қытай өнеркәсіптік Ассоциациясы 1982 жылы құрылған Қытай еліндегі ең үлкен Ассоциациялардың бірі. Оның құрамына кіретін 648 өнеркәсіп бар. Оның тең жартысынан көбісі 180-нен астам мемлекеттерге экспортқа шығарылады екен. Келешекте қазақстандық кәсіпкерлермен бірлесіп тыңайтқыштар өндіретін ортақ кәсіпорын ашу ойда бар екенін хабарлады.

«Қазақстанда ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Сондықтан да сіздерге де қолайлы. Қауіпсіздік, экологиялық жағынан Қытайда өте қатаң тексереді. Менімен бірге агрохимия нарығында пестицидтер шығарумен айналысатын бірқатар компаниялардың өкілдері келіп отыр. Қазақстанның жері – үлкен, халқы аз болғандықтан, яғни еңбек күшін қажет ететін пестицидтер өндіруде сіздерге де тиімді болмақ. Біз де бүкіл әлемге экспортқа шығару үшін ең ұтымды жолдарын іздейміз дейді.

Оған дейін сапарға келмес бұрын әріптестермен хат алмасып, алдын-ала пікір алмасқан еді. Агрохимия саласындағы көзқарастарын, бұл салаға келешекте салатын инвестицияларыңыз қажет екеніне біздің көзіміз жетіп отыр. Сол жұмыстың нәтижесі деп айтсақ болады. 15 наурызда өтетін ауқымды жиынға сіздердің әріптестеріңіз, кәсіпкерлер де Үкіметтің өкілдері қатысады. Жақыннан танысайық, білісейік деген ниеттеріңізге рахмет. Бұл жерде екі мекеменің өкілдері отыр, индустриалды палата мен «Ақ жол» ҚДП. Екеуі де кәсіпкерлердің мүддесін қорғайды. Біріміз саяси жағынан, екіншіміз Үкімет пен бизнес арасындағы алтын көпір десек болады. Индустриалды палатамыз. Халықаралық департаменттің басшысы Асем Аққожанова. Ұлттық индустриалды палатасы кәсіпкерлердің жағдайын жасау, олардың мүддесін қорғау, қалай да болса қол ұшын беріп, көмек көрсету, мақсаттары бір бірлесіп жұмыстар атқарып жатыр. Өндірістің, бизнестің одағымыз негізі. Біздің одақ құрамында 40-тан аса ассоциациялар бар.

«Ең бірінші, кездесу үшін өз алғысымды білдіремін. Астанада өтетін ауыл шарушылығы саласындағы көрме аясында кездесіп отырғанымызға қуаныштымын. Біздің Ассоциация 1982 жылы құрылған. Қытайдағы ең үлкен Ассоциациялардың бірі, оның құрамына кіретін 648 өнеркәсіп бар. Оның тең жартысынан көбісі экспортқа шығарылады. 180-нен астаммемлекеттерге экспортқа шығарылады. Мүмкін, оның ішінде қазақстан да болуы мүмкін. Сапасы өте жоғары. Ірі корпорациялардың өзі тапсырыс береді. Көрмеде 11 орын бар. Әріптестерімен бірге келген. Қазақстанның жері үлкен, ауыл шаруашылығы да дамыған. Сондықтан да сіздерге де қолайлы. Кәсіпорындардың жұмысын жеңілдеткен, қауіпсіздік, экологиялық жағынан Қытайда өте қатаң тексереді. Қазақстанда мал шаруашылығ өте дамыған, ветеринарлық препараттар шығаратын әріптестеріміз де бізбен бірге келіп отыр.

 «Ауыл шаруашылық кәсіпкерлерімен кездесесіздер, сұраныс солардан ғой енді. Заңдық тұрғыдан сүйемелдеп, қолдау көрсету , кеңес беру біздің Ұлттық индустриалды палатаның жұмысы. Мақсатымыз – осы. Екі елдің заңы басқа. Компартиямен, Елшілікпен келісімшартқа отырып, бірлесіп электронды портал құру жоспарланып отыр. Болашақта іске қосылады. Екі жақ бірігіп қолға алды. »

Мен ауыл шаруашылығы маманы емеспін. Мамандығым – журналист. Делегацияның келген мақсатына қарап отырып, менің бір сұрағым бар. Қазақстанда ауыл шаруашылығына пестицидтер, яғни тыңайтқыштар өте қажет. Бірақ бізде елде жалпы осы тыңайтқыштарға байланысты белгілі бір көзқарас қалыптасқан. Сіздің елде өндірілген жеміс-жидек бар, ауыл шаруашылығы өнімдері бар химикаты өте көп немесе химиялық жолмен өсірілген деген көзқарас бар. Енді сіздер біздің нарыққа шығып жатырсыздар, осы қалыптасқан көзқарасты өзгерту үшін, рынокқа кіру үшін не істейсіздер? Қандай жолмен, лаборотория арқылы келесіздер ме, анализдер жасайсыздар ма, қандай жолмен.. Көрмеде дәлелдейсіздер ме? Жаңағы тыңайтқыштардың химиялық құрамы, зиянды ма зиянды емес пе? Өсіп шыққан өнімге, егістікке, адам организіміне қауіпті ме қауіпсіз бе? Қытай елінде 2200 ден 2300 өнеркісіптерде пестицидтер бар. Оның ішінде 30 мыңнан 50 мың аралығында дәрілердің түрлері бар. Бірақ біз шығаратын дәрілер Қытайдың тіркеуінен, нормативінен өткеннен кейін ғана қолданамыз. Оның ешқандай зияны болмайды. Дәнді-дақылдарға, адамдарға зияны жоқ. Жалпы, қазақстанда зертханаларда тексеріле ме? Пестицидтердің регистрациясы рәсімдері туралы білсек деп едік. Ол сұрақтарға конференция барысында Министрліктен келген өкілдерден, кәсіпкерлерден нақты жауап, толыққанды мәлімет алсаңыздар болатынын жеткізді.

Тың жатқан жерлерді зақым келтіріп, бұзыл алмау үшін де біз үлкен талап қоямыз. Мақсаты – өз дайын өнімін ұсыну немесе Қазақстанда ортақ кәсіпорын ашу.

Бірігіп өнеркәсіп ашуды да келесі жылы ойластыруға болады. Украина елінде бірлескен корпорация ашпақшы болған, алайда 2014 жылғы саяси ахуалға байланысты тоқтатқан. Қазақстан мен Қытайдың арақатынасы қазір өте жақсы. «Бір белдеу, бір жол»  бағдарламасы аясында да инвестициялар өте көп салынады. Оның пікірінше, Қазақстанның жері – үлкен, халқы аз болғандықтан, Біз де бүкіл әлемге экспортқа шығару үшін ең тиімді жолдарын іздейміз дейді.

Понравилось?

Расскажите коллегам
и друзьям

Что еще почитать

Новости
Утилизационный сбор на импортируемую сельхозтехнику просят внедрить в Казахстане
Новости
Центр новых информационных технологий планируют построить в Актобе
Фотогалерея
На подписании меморандума о сотрудничестве
Новости
Акимов призвали отдавать предпочтение отечественным товарам
Новости
Мангистауский предприниматель получил юбилейную медаль "25 лет независимости Республики Казахстан"